«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 2025-2026 жылдың күзгі-қысқы маусымына  100% дайын.Биыл энергетиктер 527 шақырымнан астам электр желілерін жаңартып, 106 дана трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғыртты. 400-ден астам ақауы бар ескірген тірек сымдар алмастырылып, 6 мың дана фарфор изоляторы шыны изоляторларға ауыстырылды.