«Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» челленджіне көпбалалы әрі өнегелі отбасылар қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Солардың бірі - бірнеше баланы тәрбиелеп отырған Жолболаевтар әулеті. Берекесі мен бірлігі жарасқан жанұя ұрпақ тәрбиесінде ата дәстүрді арқау етіп, ұлттық өнерді ұлықтап келеді.