Бүгін "Шипагер" шипажайында 8 тұрғын тегін демалды. Оңалту орталығында бір күн бойы ақысыз ем алу мүмкіндігіне ие болған маңғыстаулықтар уақытын тиімді өткізді. Арнамызда жарияланған байқау нәтижесінде денсаулығына көңіл бөліп, тиісті ем қабылдаған жандармен арнамыздың түсірілім тобы жүздесіп келді.