Ақтауда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде киім-кешек пен азық-түлік сататын дүкеннен 200-ден астам дәрілік заттың қаптамасы анықталып, тәркіленді.