"Өз диқаныңды қолда" тележәрмеңкесі өтті
Ақтауда жергілікті шаруаларды қолдауға бағытталған «Өз диқаныңды қолда» теле-жәрмеңкесі өтті. «Маңғыстау» телеарнасы ұйымдастырған шараға облыстың әр елді мекенінен келген егіншаруашылықтары қатысты. Жәрмеңкеде жергілікті өнімдер көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары азық-түлікті тікелей диқандардан, делдалсыз, қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.