Ауа рай күрт өзгерді
Бүгін Ақтау ауа райы күрт өзгерді. Түске дейін жадырап тұрғанымен түс ауа қалада жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілді. {КСМ } Қаланы қою шаң басып, көшеде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қозғалысы қиындады. Күшті шаң-тозаң тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Мамандар облыс аумағында аура райы ертең де желді болатын айтады. Сондықтан алыс сапарға шықпай, балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.