Негізгі Жаңалықтар Мектептердегі камералар полиция бақылауында

Мектептердегі камералар полиция бақылауында

Мектептердегі бейнебақылау камералары кезең-кезеңімен жедел басқару орталығына қосылуда. Бұл білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Енді полицейлер орталық арқылы мектептердегі жағдайды бақылап, камералардың жұмысын қадағалай алады. Қазіргі таңда облыстағы 221 мектептің 89-ы жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар 210-нан астам балабақшадағы бейнебақылау жүйесі де орталыққа интеграцияланған.


Бөлісу