Қара алтынды тербеткен қажырлы еңбек
Қаражанбас кен орнында ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт өтті. Вахта кентіндегі мәдени демалыс орталығында ұйымдастырылған іс-шарада жер қойнауынан қара алтын игеретін өндірістегі әрбір маманның жауапкершілігі мен табандылығына құрмет көрсетілді.Мәртебелі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі туралы өндіріс орнына арнайы барып келген Жансая Жанұзақтың бейнематериалынан көрейік.