Ардагер теміржолшыларға ескерткіш тақта ашылды
1964 жылы Ақтау-Өзен теміржол құрылысы қолға алынып, 1965 жылы мерзімінен алты ай бұрын іске қосылды. Бүгінде Жаңаөзен теміржол бекеті тек ішкі тасымалды емес, халықаралық транзиттік дәліздің маңызды бөлігі саналады. Теміржолда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, саланың дамуына өмірін арнаған бірқатар ардагерлердің құрметіне ескерткіш тақтасы ашылды. «Қазақстан темір жолы» кәсіподақ ұйымы мен аймақтық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға ардагерлердің ұрпақтары қатысты.