Саяна - шолжаң қыз Машаның әрбір әрекетін қайталайды. Тіпті, «Маша мен Аю» мульфильмінің кейіпкеріне айналып барады.Күніне осы мултьтфильімді көрмей ұйықтамайды.
Еркетотай Машаның қылығын 2 жастағы Нұрай да қайталап жүр. Анасын жылап не айқаймен көндіреді. Бұл мультфильімсіз ас ішпейді.
Амангүл Айдынбаева - анасы
Жұмыстан шаршап келгенде құлағымыздың тынытышығын ойлап, осы мультикті қосып береміз. Қоспасақ жылайды. Ал, отандық ертегілердірді көргісі келмейді. Себебі, бір рет шыққаннан кейін ол тоқтап қалады. Ал, бала оны қайталап көргісі келмейді.
Бала тұрмақ үлкенді үйіріп алатын Машаның әр ісі бір қараған көрерменді өзіне тәуелді етеді. Бұл ресейлік мультипликаторлардың шеберлігі. Бірақ, мазмұнына терең үңілсек астарында - бұзақылық, еркелік пен тәрбиесіздік жатыр. Қазақтың әр қызы Маша секілді шолжаң болса қоғам үшін қасірет,- дейді психолог мамандар.
Гүлсара Қарайшықова - психолог
«Маша мен аю» мульфильмі. Біріншіден бұл жерде Машаның ата-анасы қайда? Неге ол жалғыз тұрады? Бұл жерде зерттелмеген сұрақ көп. Ол түнде де күндіз де жануардың қасында. Маша шармайды. Тынымсыздығы мен еркелігін балақайлар қайталауға тырысады.
Сағира Өтепқызы - тілші
Бәрімізде бала кезімізде қуыршақ пен ойнадық. Ол кездегі қуыршақтар, жүзі жылы болатын. Ал, қазіргілердің түрі мынау, қорқынышты-ақ. Алайда, қыз балалар дені осы қуыршаққа құмар. Психологтар, бұл ойыншықтардың бала психикасына әсер етеді - деп дабыл қағуда. Расымен де қыз баладан нәзіктік қашып бара ма, қалай? Бүлдіршіндер мына қуыршақтарға ұқсағысы келеді.
Ағайында Диана мен Фаризада мына құбыжық қуыршақтардың түрі бар. Бұлар бір отбасы екен. Қыздар ерлі-зайыптыларды бірге қыдыртып, бірге жүргізіп, тіпті бірге ұйықтатады. Олар үшін "монстрхайдан" артығы жоқ.
Фариза Боранбай
Гүлжан Қарабалаева - қыздардың әжесі
Қаладағы ойыншық дүкендерінде құбыжық қуыршақтардың ең арзаны - 9900 теңге. Сауда қызып тұр. Шетелдік мультфильм кейіпкерлеріне сұраныс жоғары. Баланың ойыншыққа қызығушылығы мульфильм арқылы оянады. Балалар неге отандық өнімді көрмейді? Өйткені бізде мультипликаторлар жоқтың қасы. Тек Оңтүстік Қазақстанда ғана бар. Шымкент қаласындағы маманнан отандық мультфильмге неге сұраныс аз деп сауал қойғанбыз.
Нұриддин Паттев - "Сақ" киностудиясының директоры
Шетелдік мультфильімдер шеттетілу керек. Эфирге іріктеп қана шығарған абзал. Өйткені, мультфильм - ұлттық идеология құралы. Әрбір ата-ана баласының қандай арнаны қарайтынын қадағалау керек. Шетелдік мультфильмнің кейбірі- суицидті насихаттайды. Теріс әрекетті дәріптейді. Бала шақтан болашаққа ұмтылатын уақытта, компьютерге телмірген ұрпақтардың таңдаған туындысын сүзгіден өткізу маңызды,-дейді өңір психологтары.