Жанахмет Ағыбаев 1974 жылы 2 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын
1998 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.
Кейін 1998-2000 жылдары аталған газетте жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
2000-2002 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ҰА ,
2002-2006 жылдары «Хабар» агенттігі АҚ тілшісі.
2006-2007 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС директорының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы.
2008-2010жылдары «Оңтүстік Астана» АҚ "Алматы" телеарнасының бас директоры, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері болып қызмет етті.

2011-2012 жылдары «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2012-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының директоры,
Атырау облыстық филиалының директоры.

2020-2022 жылдары «Заң» медиа корпорациясының директоры.

2022-2025 «Turkistan Media Holding»-тің Бас директоры қызметін атқарды.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры