Маңғыстау  облыстық телеарнасында 1993 жылдың 8 ақпанынан бері еңбек етеді. Дикторлықтан бастап, редактор,  аға редактор, шеф-редактор. директордың орынбасары қызметтеріне болды. Қазір телеарнаның бас редакторы.  «Әкім» хабарының жүргізушісі. 

«Жыл адамы -2018» - «Жыл журналисі»,  «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары – 2018»  көрмесінің  облыстық деңгейде - І орын,  республикалық деңгейде -  ІІІ орын иегері. (Марапат 2007 - 2018жж аралығында облыстық телеарна эфирінде болған «Үміт сәулесі» хабары үшін берілді) 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР  «Ақпарат саласының үздігі», «Қайырымдылығы үшін Сауап» медалінің,  «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медалінің иегері.