Негізгі Басшылық Сәдуақасов Дәурен Құдайбергенұлы
Сәдуақасов Дәурен Құдайбергенұлы

Сәдуақасов Дәурен Құдайбергенұлы

Бас редактор

1997 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітіргеннен кейін еңбек жолымды «Заман Қазақстан» газетінде штаттан тыс тілші болып бастадым.

Кейін «Хабар» агенттігінің бағдарламалар қызметінде редактор, «Ел Арна» телеарнасының жаңалықтар қызметінде тілші, «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінде тілші, сондай-ақ Президенттік пул құрамында тілші болып қызмет атқардым.

Әр жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында бас продюсер, бағдарламалар қызметінің директоры, республикалық қоғамдық-саяси «Алаш айнасы» газетінде бөлім редакторы, «National Geographic Qazaqstan» журналының әдеби редакторы әрі авторы, «Түркістан» телеарнасында шеф-редактор және халықаралық бөлімнің жетекшісі қызметтерін атқардым.

Сонымен қатар «DaraMedia» студиясының құрылтайшысы болдым. ҚР Мәдениет және ақпарат, Экология, Әділет, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, сондай-ақ «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарының тапсырыстарымен елімізге танымал тұлғалар мен тарихи оқиғаларға арналған 200-ге жуық деректі фильм мен бейнеролик түсірдім. Ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аудару бағытында да жұмыс істедім.

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына бас редактор болып тағайындалғанға дейін республикалық рухани «Мұнара» телеарнасында бас директордың орынбасары қызметін атқардым.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар