Бүгін - Амал мерекесі. Бұл күні өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылып, адамдар бір біріне амандық тілейді. Дәстүр бойынша маңғыстаулықтар Отпан таудың басына жиналып, бірлік отын жақты. Биылғы шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Көрші елдерден қонақтар келіп, мерекеге қатысты.