"Цептер интернешнл" ұсынған Биоптрон құрылғысының тигізер пайдасы зор. Жаңаөзен қаласындағы «Жалымбетов» емханасының дәрігерлері солай дейді. Орталық мамандары аталған аппаратты 2005 жылдан бері емдеу ісінде қолданып келеді. Ем-дом процессінде оң нәтиже көрсеткені үшін "Нобель сыйлығы" берілген құрылғы бірқатар ауру түрлерінен айығуға септігін тизігіп, науқастардың көңілінен шыққан. Қазіргі таңда емделушілер тарапынан сұраныстың артуына байланысты аппаратының санын да көбейткен.