Ақтаудағы шағын аудандарда электр желілері істен шығып, қарашаның жағдайы қиындап тұр. Кейбір қиылыстарда бағдаршамдар жасамай, көлік кептелістері пайда болған. Тіпті азық түлік дүкендерінде де жағдай қиындаған. Кейбір тауарлар бұзылып жатыр. Тоқтың бірнеше сағаттап жоқ болуы әсіресе көпқабатты үйде тұратындарға қиын. Себебі жедел саты тоқтап, жоғарыға жаяу көтерілуге мәжбүр.