Биылғы мұнайшылар күні өндірісті өлкеміздегі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60 жылдығымен қатар келіп, қос мереке Жетібайда кең көлемде тойланды. Өйткені түбектегі алғашқы мұнай 1961 жылы дәл осы жерден атқылаған еді. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қалыптасу тарихы да осыдан бастау алады. Қо смерекеніжетібайлықтар ерекше тойлады. Қаз қатар киіз үйлер тігілді, түрлі спорттық сайыстарға қатысты.