Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылындағы жеті жыл бұрын салынған білім ошағы апатты деп танылып, жұмысын тоқтатты.Қабырғалары қақырап, іргетасы сөгіліп тұрған мектептің жарамсыз екенін ата-аналар жаңа оқу жылы басталарда ғана естіген.Аяқасты алашапқын басталып, олар балаларын басқа мектепке орналастырған.Алайда балаларды қабылдаған мектепте оқушы саны лық толып, 3 ауысыммен оқытуға мәжбүр.