Енді Маңғыстаудан Оралға пойызбен бір жарым күнде жетуге болады. Яғни, 36 сағатта. Соңғы кезде Оралға дейін немесе Маңғыстауға келетіндер қайта отырғызу арқылы жететін. Ал билеттер әсресе жазда таптырмайтын. Енді бұл мәселе емес. Маңғыстау станциясына Оралдан алғашқы тікелей пойыз келді.