Биыл XX ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Мұрын Сеңгірбекұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай өлкедегі тарихи-мәдени қорықта жиын өтті. "Ұлы дала мұрасын ұрпаққа жеткізуші" атты шарада жыраудың өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы сөз болды.