Маңғыстаулық спортшылар шинкиокушинкай каратэден Қазақстан Республикасының Чемпионатында 15 медаль жеңіп алды.Орал қаласында өткен додада жас каратэшілер 6 алтын, 6 күміс пен 3 қола жүлдені қоржынға салды.7 облыс пен 3 қаладан 700-ге жуық спортшы бақ сынаған жарыста облыс намысын қорғаған ұл-қыздар командалық есепте үшінші орынға ие болды.