Ақтауда өткен демалыс күндері 500 -ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 60-тан астам автокөлік айып тұрағына жабылды. {КСМ: }Заңды белшесінен басып, ережені елемеген 7 азамат анықталды. Тексеріс барысында олардың мас күйде көлік жүргізгендері анықталды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған 130-дан жүргізуші жауапқа тартылды. Аталған деректер бойынша тиісті хаттамалар жасақталып, әкімшілік сотқа жолданды.