Баянды ауылының тұрғындары ауыз су тапшылығын тартып отыр. Қыста кесте бойынша берілген судың қазір қысымы төмендеп кеткен. Салдарынан тіршілік нәрінің жетіспеушілігі туындады. Арнамызға шағымданған бұқара жергілікті шенеуніктер суды әдейі үнемдеп жатқанын айтады. Ал су айдау стансасының мамандары бұл мәселеге қатысты өз айтарлары бар.