Өңірде "Таза Маңғыстау - ғажайып өлке" экология айлығының 2-ші кезеңі өтті. Облыс әкімінің "елді мекендердің аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу" туралы қаулысына сәйкес сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына 1800-ден астам адам атсалысты.