Өңірдегі "Шадвал" би ансамблі 21-ші маусымын бастады. Ақтауда осыған орай кавказ биін дәріптеп жүрген өнерпаздардың есеп беру концерті өтті. Мәдени кештің өтуіне Қазақстан халқы ассамблеясы мен "Дағыстан" этно-мәдени бірлестігі ұйытқы болды. Айта кетейік, шара "Күшіміз бірлікте" республикалық акция аясында ұйымдастырылды.