Ақтауда әйелін аяусыз соққыға жыққан тұрғын қамауға алынды. Ол үйінің кіреберісінде баласын көзінше әйелін ұрған. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, нәтижесінде күдікті ұсталды. Облыстық полиция депаратментінің мәлімдеуінше аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды.