Биыл елімізде 11 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады. Өйткені, жыл сайын Қазақстан бойынша обыр ауруынан 700-ге жуық әйел көз жұмады. Бұл 1 күнде орта есеппен 2 әйел осы індеттен қайтыс болады деген сөз. Ал, сәуірдің 21-і күні иммундау апталығы басталды. Өңірдегі вакцинациялау шарасы қалай жүргізіліп жатыр?