Ақтаудағы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханада ашық есік күні өтті. Мамандар қордағы жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру үшін, кітаптардан көрме жасақтаған. Сонымен қатар, жас кітапқұмарлар байқауы ұйымдастырылды.