Ақтаудың іргесінде орналасқан Басқұдық ауылында мәселе шаш етектен. Арнамызға ауылдықтар арызданып, көшелерінің жарықтандырылмағанын, бейнебақылау камералары істен шыққаннын жеткізді. Қалың бұқара, балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтады. Мұнымен мәселе бітпейді, оған қоса жиналғандар көше бойындағы жүк көлігі тұрағының жұмысына да наразы. Тұрғындардың мұңын тілшіміз тыңдады, мамандардан жауап алды, шенеуніктердің мәселені қалай шешпек екенін бірге білейік.