Биыл Маңғыстау облысында су тұщытатын ірілі-ұсақты 13 қондырғы іске қосылады. Соның нәтижесінде келер жылдан бастап бүкіл өңірде тәулігіне 228 мың текше метр су берілетін болады. Соның  73 мың текше метрі биыл беріліп бастайды. Соңғы 15 жылдан бері тапшы болып келе жатқан тіршілік нәрінің мәселесін су шаруашылығы мамандары қалай шешпек?