29А шағынаудандағы "Құлагер" тұрғын үй кешенінде мәселе көп. 2020 жылы тапсырылған үйге көгілдір отын әлі берілмеген. Қыс келсе үйдің іші жылымай, жардың бәрі көктеп кетеді екен. Кешенді салған мердігерге 4 жыл бойы уәжін айтып, мәселенің шешімін таба алмаған тұрғындар арнамызға хабарласты.