Жаңаөзен қаласында мұнай-газ өндіруге қажетті тауарлар өндіретін зауыт салынады. Бұл «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының мұнайлы шаһарға инвесторлар тарту бағдарламасының аясында іске асып отыр. Жаңа зауыт жылына 51 мың тонна құбыр өнімдерін, 540 мың бірлік сорғы штангаларын және 100 бірлік мұнай жылытқыштарын өндіретін болады. Кәсіпорын келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.