29 сәуір - халықаралық би күніне орай "Жорға" би ансамблі мерекелік концерт ұсынады. Шығармашылық топ көрерменге сан алуан би түрін паш етеді. Өнер ұжымы 1 айдан бері концерттік бағдарламаға қызу дайындық жүргізіп жатыр. Көпшілікті ұлттық би әлеміне қалықтататын ерекше шара туралы келесі бейнесюжетте толығырақ.