Атамекен елді мекенінің тұрғындары ауыл ішілік жолдардың жоқтығына наразы. Қалаға іргелес орналасқан ауылдың тұрғындары үйінің қасына такси шақыра алмайды. Өйткені көшелердің ортасында асфальт төселмеген. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар орталық жолға жаяу шығып такси тоқтатуға мәжбүр.