Маңғыстаулықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясында Президент жүктеген міндеттерді талқылады. Мемлекет басшысы берген бірқатар тапсырма "Достық үйінде" өткен дөңгелек үстелде сөз болды. Жиынға облыс әкімі мен этномәдени бірлестік өкілдері, депутаттар және қоғам белсенділері қатысты.