Жыл басынан бері 100-ден астам маңғыстаулық санитариялық авиация қызметіне жүгінген. Осынша науқас облыс орталығына жеткізілген. Соның ішінде 6 адамға ота жасалды. Ал, былтыр 370-ке жуық жедел медициналық көмек шақыру тіркелді. Жалпы өңірде санавиация қызметінде дәрігерлер жеткілікті ме? Олар техникамен қаншалықты қамтылған?