Маңғыстаулық велошабандоз Рәббім Борашевты әзірбайжандықтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Еске салайық, 64 жастағы зейнеткер 3 мамыр күні Париждегі жазғы олимпиада ойындарына бару үшін жолға шыққан еді.