Өңірде кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Бүгін Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы болып Сағындық Аяғанов тағайындалды. Жаңа басшыны ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков полиция департаментінің жеке құрамына таныстырды. Сағындық Аяғанов ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Полиция полковнигі осыған дейін түрлі басшылық қызметтерде болған. Жаңа тағайындауға дейін ол Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.