"Ұрпаққа ұлағат - үлкеннен". Елімізде мамыр айының басында аналар күні аталып өтеді. Айтулы күнге орай Ақтаудағы "Жанұя" орталығында Ашық есік күні өтті.  Іс-шараға 40-қа жуық маңғыстаулық ана қатысты. Мақсат - отбасы институтын нығайту, аналарымыздың мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтарды дамыту.