Өңірде қараусыз мал кесірінен жол апаты тыйылмай тұр. Жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, бір жолаушы ауыр жарақат алған. Ал, соңғы төрт айда түйе мен жылқысын бақылаусыз қалдырғаны үшін 15 адам әкімшілік жауапқа тартылды.