Бейнеу ауданында үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ. Алайда бала туу көрсеткіші жоғары болғандықтан, оған қоса басқа өңірлерден көшіп келушілер санының көптігіне байланысты білім ордасына қажеттілік  бар. Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында екі мектептің құрылысы жүріп жатыр.