Маңғыстауда білім сапасын арттыру керек. Осы мақсатта өңірде мектептермен 3 бағытта жұмыс атқаратын "Отпан" жобасы басталады. Бірінші, мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Екінші, сол мектептегі мұғалімдердің біліктілігі арттырылады. Яғни, Назарабаев мектептері мен Білім иннновация лицейінің оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Үшінші - осы жоба 3 жыл бойына бастан-аяқ сүйемелденеді. Оған облыстағы 60 мың оқшы мен 9 мың мұғалім қатысады. Жаңа бастаманы дамытуға кететін шығын кәсіпкелердің қаражаты есебінен өтеледі.