Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе2 ауылының тұрғындары электр жүйесінің әлсіздігін айтып, редакциямызға хабарласты. Айтуларынша алақандай  ауылда қордаланған мәселе шаш етектен. Басты проблема кернеудің тұрақсыздығынан көпшіліктің үйіндегі тұрмыстық техникасы істен шыққан.