Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аса ірі көлемде кәсіпорын мүлкін аукционсыз заңсыз сату арқылы ұрлады деген күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі 65 миллион теңгеден асады.