Бүгін Ақтауда білім саласына қатысты басқарма мен бөлім мамандары тұрғындарды қабылдады. Атап айтқанда, колледж, университет және мектептен келген арнайы өкілдер осы салаларға қатысты сауалдарға жауап берді. Келушілердің қатарында ЖОО биыл бітіріп, мектептерге жұмысқа орналаса алмай жүрген жас мамандар көп болды. Солардың бірі - Әсемгүл Итібаева биыл химия-биология пәнінің мұғалімі мамандығын оқып шыққан .