Ақтау қаласының халықаралық әуежайында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әуежай аумағында орналастырылған ақпараттық тақтайшаларда терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратудың заңмен қатаң жазаланатыны ескертілген.