Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері өткен демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары тәулік бойы қала тұрғындарының тыныштығы үшін қалтқысыз қызмет етіп, көптеген заң бұзушылықты тіркеді. Әсіресе, жолда жүру ережесі бойынша, 122 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.