Мұнайлы ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Қанат Құлжановты ұсынды. Депутаттар да аймақ басшысы айтқан кандидатты қолдады.