Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандар мен аутизмге шалдыққан балалардың қатары артып келеді. Оларды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мәселесін көтерген "Кедергісіз келешек: Бәріміз бірдейміз" тақырыбында көпшілік тыңдау өтті.