Баланың жұмысқа ерте араласуына қатысты пікір көп. Біреулер ақшаның қалай келетінін түсінгені дұрыс десе, енді бірі балдәурен шақ үшін бұл қисынсыз деп біледі. 

Ондайға қарсымын. Болмайды ауыр жұмысқа тартуға.

Жалпы дұрыс. Жастайынан жұмысқа үйренеді.

18 ге келмей отыра беру дұрыс емес, 16 жастан бастай берсін.

Дұрыс шығар, жұмыс жасаған жақсығой.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бала 14-ке толғаннан кейін жұмыс істеуге құқы бар. Бірақ, белгілі шектеулер сақталуы тиіс. Айталық, 14-16 жастағылар аптасына 24 сағат қана еңбек ете алады. Ал, 16-дан 18-ге дейінгілерге 36 сағат жұмыс істеуге рұқсат. Мамандар осылай есептеп шығарған.

Мерей Мажитов - МО еңбек басқармасының бөлім басшысы

Өзінің оқуына мектептегі білім алу ордасына кедергісі болмау керек. Және денсаулығына қауіп болмау керек. Сондай жұмыстарды, жеңіл жұмыстарда жасақталуы мүмкін. Үш жақты болып жасалады Жұмыс беруші, жасөспірім және  ата-анасы. Қол қою керек. Міндетті түрде.

Жұмыс беруші, ата-ана және жасөспірім. Осы үш тарапқа да жауапкершілік жүктелген. Еңбек шарты жасақталмаса, ата-анаға - 6363, жұмыс берушіге - 106 мың 50 теңге айыппұл салынады. Жыл басынан бері екі кәсіпкер осылай жауапқа тартылды.   

Мақсат Ботабеков - облыс прокурорының көмекшісі

Бірінші факт айта кететін болсақ Ақтау қаласындағы 2 шағын аудандағы Радуга кафесінде 18 жасқа толмаған жасөспірімді жұмысқа тартқан. Ол жерде жұмыс берушінің арасында келісімшарт жасалмаған. Сонымен қатар әке-шешесінің рұқсатын алмаған. Жұмыс берушінің жауапкершілігі шешілді. \  Екінші факт айта кететін болсақ Мұнайлы ауданында Ақтау Қызыл төбе бағыты бойынша автобусқа кондуктор ретінде кәмелетке толмаған баланы жұмысқа тартқан. Жеке кәсіпкер 50 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды.

Айта кетсек, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін жұмыс істемек түгілі, ата-ана қарауынсыз көшеде жүрудің өзіне тыйым салынады.